Жарияланды: 550

Тәжік-Ауған шекарасында Ресейлік шекарашылар 250 килә героин ұстады

Ресейлік шекарашылар Тәжік-Ауған шекарасында соңғы 11 жылда тұңғыш рет ең ірі көлемдегі есірткі партиясы болып табылатын 250 килә героин ұстады. KZ-today тілшісіне Ресей Федералдық қауіпсіздік Қызметінің Тәжікстандағы Қызылтулы шекаралық басқармасының баспасөз қызметінен хабарлауынша, қыркүйектің 27-сінен 28-іне қараған түні Мәскеу шекаралық отрядының учаскесінде Пяндж өзені арқылы Ауғанстаннан Тәжікстанға қарай 10 адамнан құралған топ екі

салмен бет алған. Шекарашылар әлгі адамдарды жағалауға жетіп салдан түскен кезде ұстауға талпынады. Алайда шекара бұзушылар оларға қарсы мылтықтан оқ жаудырған. Ресейлік шекарашылар жауап ретінде оқ ата бастағанда шекара бұзушылар жүктерін тастап , шекараның арғы бетінде бой тасалап үлгерген. Ресейлік шекарашылар арасында зардап шеккен ешкім жоқ. Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, қарулы қақтығыс болған жерден жалпы салмағы 250 киләдан астам, героин салынған 260 пакеті бар 9 қап табылған. Сондай-ақ, оқиға орнынан бір Калашников автоматы (АК-47) мен оның 3 оқшантайы табылды. Есірткі заттары салмағын өлшеу және тиісті тәртіп бойынша көзін жою мақсатымен шекаралық отрядқа жеткізілді. Баспасөз қызметінен хабарлауынша, Пяндж өзенінің жағалауындағы Мәскеу шекаралық отрядының тағы бір учаскесінде бүгін таңертең шекарашылар героин салынған 80 пакеті бар 3 қап тауып алған. Есірткі салмағын өлшеу мақсатымен заставадан отряд басқармасына жеткізілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть