Тәжікстанның оңтүстігінде шаштаразшы клиентімен керісіп қалып, оны алдымен өткір ұстарамен, содан кейін асүй пышағымен бауыздап 54 жарақат салған, деп бүгін ІІМ баспасөз қызметі мілімдеді.
Сақалын қырғызуға келген 50 жастағы клиент жедел жәрдем келіп жеткенше алған жарақатынан көз жұмған. Екеуінің не үшін кикілжіңге барғаны белгісіз.
29 жастағы шаштаразшы ұсталды. Оған айуандықпен кісі өлтірі үшін айып тағылады.