Тәжікстандағы кеден бекетінде АҚШ азаматынан ХVIII ғасырда шығарылған пистолет-мушкет тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстандағы кеден бекетінде АҚШ азаматынан ХVIII ғасырда шығарылған пистолет-мушкет тәркіленді

Тәжікстандағы кеден бекетінде АҚШ азаматынан ХVIII ғасырда шығарылған пистолет-мушкет тәркіленді

Душанбе. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстан Республикасының үкіметінің жанындағы кеден қызметінің қызметкерлері АҚШ азаматы Ли Порттың жүгін тексеру барысында ХVIII шығарылған пистолет-мушкет тәркіледі, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 24 Маусым 2008
  • 392
Фото - Caravan.kz

Хабарламада аталып көрсетілгендей, америкалық пистолет-мушкетті Тәжікстаннан Ауғанстанға алып өтпек болған. Алайда, ола «Төменгі Пяндж» бақылау-өткізу пунктінде қамауға алынған.

Тәжікстанның кеден қызметінің ақпаратына сүйенсек, Тәжікстаннан көне мұраны алып шығуға рұқсат беретін тиісті құжаттар АҚШ азаматында болмаған.

«Пистолет-мушкет тәркіленді. Ал Ли Порт мырзаға кеден ережелерін бұзғаны үшін 350 сомони айыппұл салынды», — деп атап көрсетті ведомство өкілдері.

$1 = 3,4298 сомони.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті