Тәжікстанның ауыл шаруашылық министрлігі бидай мен астық тұқымдастардың экспортына араласуды көздеп отыр
Душанбе. 13 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстанның ауыл шаруашылық министрлігі бидай мен астық тұқымдастардың экспортына араласуды көздеп отыр. Ауыл шаруашылық министрі Косим Косимовтың жақында жариялаған бұйрығында астықтың ел аумағынан шығарылуының жолын кесу шаралары және Ауыл шаруашылық министрлігінің мамандарының бұл процеске араласуы жөнінде айтылған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.