Теміртаудағы бұрынғы КСРО-дан қалған әскери бөлімше аумағынан жарғышы жоқ 75 мина табылды.
Қазақстан Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарылғыш заттар сорғыш станция құрылысы маңында жүргізіліп жатқан қазба жұмыстары барысында, бір метр тереңдіктен табылған.
ТМ-57 маркалы миналар 1960 жылы шығарылған. Қазіргі таңда саперлер оқ-дәріні зарарсыздандырып, полигонға жеткізу жұмыстарымен айналысып жатыр.