Теміртауда күйеуін бауыздаған пышақпен көше кезіп жүрген әйел ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртауда күйеуін бауыздаған пышақпен көше кезіп жүрген әйел ұсталды

Теміртауда күйеуін бауыздаған пышақпен көше кезіп жүрген әйел ұсталды

Теміртауда 29 жастағы әйел азаматтық некедегі күйеуін бауыздап тастап көше кезіп кеткен. Үсті-басы қызыл қанға боялған ол қала тұрғындарының зәресін алды.

  • 20 Қаңтар 2016
  • 202
Фото - Caravan.kz

-Ты его убила?

-Да, чуть чуть только!

Алыстан сұлбасы көрінген әйелді байқағандар оны адасып жүрген біреу деп топшылаған. Жақындағанда қанға боялған қолында пышақ бар екені анық көрінеді. Дереу жеткен полиция әйелді ұстағынымен, үйде қансырап жатқан 40 жастағы күйеуі дәрігерлер жетпей-ақ жан тапсырды. Араққа сылқия тойып алған күдікті жанжалды еркектің өзі бастағанын айтып ақталған. Бірақ артынша аузына келгенін сандырақтап, жын түрткендей күйге түсті.