Теміртауда мемлекетаралық іздеуде болған ресейлік азамат ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртауда мемлекетаралық іздеуде болған ресейлік азамат ұсталды

Теміртауда мемлекетаралық іздеуде болған ресейлік азамат ұсталды

Қарағанды облысының Теміртау қаласында полицейлер Ресей Федерациясының мемлекетаралық іздеуде болған 29 жастағы азаматы ұсталды,

  • 18 Қараша 2014
  • 344
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады аймақтық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

«Теміртауда криминалдық полицияның қызметкерлері қаладағы пәтерлердің бірінен әділ соттан жасырынып жүрген 29 жастағы ресейлік азаматты ұстады. Новосібір облысында ұрлық жасағаны және кәмелеттік жасқа жетпегендерді қылмыс жасауға тартқаны үшін оған қатысты қылмыстық іс қозғалды», — делінеді хабарламада.

Ұсталған азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қазіргі кезде оны Ресейге экстрадициялау мәселесі шешілуде.