Теміртауда өрт кезінде тұрғын үйдің шатыры құлап кетті
Қарағанды облысының Теміртау қаласында өрт кезінде тұрғын үйдің шатыры құлап кетті, |
зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Бұл туралы бүгін облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
«Өткен жексенді күні күндізгі сағат 13.28 кезінде Теміртауда тұрғын үйде ағаш торламалар жанып, оның бір бөлігі 640 шаршы метр жерге құлап түсті», - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Құтқарушылардың мәліметінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, өрт сөндіру бөлімшесінің қызмткерлері келіп жеткенше, тұрғындар пәтерлерінен өздері шықты.
Өртті сөндіруге өрт сөндіру қызметінің 29 қызметкері мен 10 бірлік техникасы жұмылдырылды. Жалын 45 минут ішінде сөндірілді.
«Өрттің себептері анықталуда», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін