Теміртауда терроризмді насихаттады деген күдікпен жергілікті тұрғын құрықталды
![]() |
ҰҚК Қарағанды облыстық департаменті терроризмді насихаттады деген күдікпен Теміртау қаласының тұрғынын қамауға алды. |
Облыстық прокуратура таратқан хабарламаға сүйенсек, еш жерде жұмыс істемейтін 30 жастағы азамат «Таблиғи Жамаат» ұйымында белсенді жұмыс істеген көрінеді.
«Күдікті азаматтарды мемлекеттің іргесін шайқалтып, діни халифат құруға үндеген. Ол бұл идеяларын Теміртау мен облыс аумағындағы басқа қалаларда да таратып келген», - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті оқшаулағышқа тоғытылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін