Жарияланды: 470

Теміртауда жаңа қала әкімі тағайындалды

Қарағанды облысы әкімінің бұйрығымен Балдырған Мусин Теміртау қаласының әкімі болып тағайындалды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметінен.

Б.Мусин 1947-жылы туған, ұзақ уақыт бойы металлургиялық комбинатта жұмыс істеді, кәсіби құрылысшы. Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары қызметін, ал соңғы уақыттарда Теміртау қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды. Ал Теміртау қаласының бұрынғы әкімі Серік Ахметов Астана әкімінің орынбасары болып бекітілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін