Теміртаудағы жаппай төбелеске байланысты қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртаудағы жаппай төбелеске байланысты қылмыстық іс қозғалды

Теміртаудағы жаппай төбелеске байланысты қылмыстық іс қозғалды

 Теміртауда полиция хоккей матчынан кейін болған жаппай төбелеске байланысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады Қарағанды облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

  • 17 Наурыз 2015
  • 602
Фото - Caravan.kz

«Теміртауда болған жаппай төбелеске байланысты 20 адам ұсталды, олардың бұзақылыққа қатысы бар-жоғы тексерілуде»,-делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу барысында төбелеске түрткі болған Павлодардан келген екі жанкүйер екендігі анықталды. Дер кезінде тиісті шараларды қолға алған полицейлердің іс-қимылының арқасында тәртіп бұзудың одан әрі өрбуіне жол берілмеді.

Келеңсіз оқиға 14 наурызда сағат 17.00 шамасында Теміртаудағы Мұз сарайының маңында, хоккейден «Ертіс»  (Павлодар) және «Арыстан» (Теміртау) командаларының арасындағы матчтан соң болған. Оны көргендер жаппай төбелесті видеоға түрісіп алған.