Теңге бағамының елеулі өзгеру ықтималдығы төмен деңгейде - ҚР Ұлттық банкі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теңге бағамының елеулі өзгеру ықтималдығы төмен деңгейде - ҚР Ұлттық банкі

Теңге бағамының елеулі өзгеру ықтималдығы төмен деңгейде - ҚР Ұлттық банкі

Қазіргі кезде теңге бағамының елеулі өзгеру ықтималдығы төмен деңгейде, деп хабарлады бүгін ғаламтор конференциясының аясында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев.

  • 12 Ақпан 2016
  • 340
Фото - Caravan.kz

Ғаламтор пайдаланушысының тиісті сұрағына жауап бере отырып, Данияр Ақышев Ұлттық банктің айырбастау бағамы бойынша бағдарлары жоқ екені, оның мәнін болжап отырмағанын хабарлады. Оның айтуынша, еркін ағымдағы айырбас бағамының жағдайында оның баға белгіленуі сыртқы факторларға, ең бастысы, мұнай бағалары мен ресейлік рубль бағамына байланысты, сондай-ақ ішкі факторларға байланысты күн сайын өзгере алады.

Сондықтан Ұлттық банк іргетасты трендтің қалыптасуына кедергі жасамайды, интервенция айырбас бағамы күрт өзгеріп, тұрақсыздандыру сипатында болса ғана жасалуы мүмкін, деп атап өтті Ұлттық Банк төрағасы.