Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.
«Біз атап өткендей, теңге еркін айырбас бағамында жоғары және төмен ауытқып, өзінің күделікті теңгерімді бағамын айқындайды. Маған жеткен ақпараттарға сәйкес, қазіргі сәттегі көлем 81 млн. долларды құрайды және орта биржалық бағам 255,8 теңге», — деді ол.