Жарияланды: 660

Теңгенің еркін құбылмалы бағамға өтуі шағын және орта сақтандыру компанияларын банкрот етуі ықтимал - сарапшылар

Теңгенің еркін құбылмалы бағамға өтуі шағын және орта сақтандыру компанияларын банкрот етуі ықтимал - сарапшылар

Сақтандырушылар теңгенің еркін құбылмалы бағамға өтуі шағын және орта сақтандыру компанияларын жаппай банкрот етіп, сақтандырудың кейбір түрлері бойынша шығындардың артуына әкеп соғуы ықтимал, - дейді. 

"Коммеск-Өмiр" сақтандыру компаниясы басқармасының төрағасы Олег Ханиннің пікірінше,импорт дәрі-дәрмектер бағасының өсуінен ерікті медициналық сақтандыру бойынша шығындар артуы ықтимал.
"Евразия" СК шағын және орта сақтандыру компаниялары Қазақстандағы экономикалық жағдайға орай жаппай банкрот болуы ықтимал, деп санайды. «Бірақ оның жақсы жағы да бар, рынок әлсіздерден тазаланып, жинақтала түспек», деді компаниядан.
"Казкоммерц-Life" айтуынша, ұлттық валюта бағамы өзгермелі болып тұрған кезде сақтандырушыларға клиенттерді тарту қиындау болмақ, өйткені халықтың сатып алушылық қабілеттілігі төмендеуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін