Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы 145,43/$1 болды
Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күнгі өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы 145,43/$1 болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы 6 тиынға түсті. KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін 145,4 – 146,5 аралығында тұрақтады. Сауда-саттық көлемі $ 163,3 млн болып, 153 мәміле жасалды. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін