Жарияланды: 660

Теңіздегі жаңадан салынатын бетон зауытын басқару жөніндегі тендерде Атыраудың "Хемимонтаж" компаниясы жеңіске жетті

"Теңізшевройл" мұнай компаниясының Шикі Газ Айдау және Теңіздегі Екінші буын Жобасына (ШГА/ЕБЖ) арнап 140 мың текше метр бетон өндіре алатын қазіргі заманғы бетон зауытының құрылысын салу және оны пайдалану жөніндегі тендерде "Хемимонтаж-Атырау" компаниясы жеңіске жетті. Бұл туралы "Теңізшевройл" мұнай компаниясынан хабарлады.

"Хемимонтаж-Атырау" компаниясымен субмердігерлік жөніндегі келісім шартына "Парсонс Флуор Даниэл" (ПФД) компаниясы қол қойды. ПФД- Шикі Газ Айдау және Теңіздегі Екінші буын Жобаларының құрылыс жұмыстарын жобалау, сатып алу және басқару жөніндегі "Теңізшевройл" компаниясы атынан әрекет етуші бас мердігер болып табылады. Келісім шартының құны 1,1 млн. долларды құрайды. Бұл қаржының 55 проценттен астамы отандық тауарлар мен қызмет түрлерін сатып алу жолымен Қазақстанда игеріледі. 2000 шаршы шақырымдық алқапты иемденіп, толыққанды компьютерлендірілетін бетон зауыты Теңіздегі Екінші буын Жобаларының нысандарына таяу жерде орналасады. Бүтін жыл бойы үздіксіз жұмыс істей алатын бұл зауыт жобалық қуатын толық іске қосса тәулігіне 1200 текше метр бетон өндіріп жобаны 32 ай бойы өніммен қамтамасыз ете алады. Шикі Газ Айдау және Теңіздегі Екінші буын Жобасы нысандарын салған кезде Хемимонтаж зертхана және тасымал қызметтерін қоса есептегенде 35 адамды жұмысқа қабылдай алады. Ал Екінші буын Жобасы нысандарын іске қосу және жөндеу жұмыстары барысында қосымша 50 адам еңбекпен қамтылады. Компаниядан хабарлауынша, өндірілген артық бетон қоршаған ортаны ластамау мақсатымен жолдардың шетіндегі қоршауларды салу жұмыстарына пайдаланылады. Теңізшевройл - ШевронТексако, ЭксонМобил, ҚазақМұнайГаз және ЛУКАРКО компаниялары бірлесе отырып құрған ЖШС болып табылады. Ал "Парсонс Флуор Даниэл" компаниясы- Парсонс Энерджи Кемиклс және Флуор Даниэл компанияларының бірлескен кәсіпорны.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть