«Скрепкалық конвейер №7 пикеттен забой бағытында 9 метр жерге дейін жөнделді. Газ қондырғысы қалыпты. Вакуумдық қондырғы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр», — деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Конвейерлер іске қосылғаннан кейін зардап шеккендерді іздестіру мақсатында құлаған тау жынысын сыртқа шығару жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті