"Тентек" шахтасындағы қайғылы оқиғаны болдырмауға болар еді - Қарағанды қаласының тұрғындары - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тентек" шахтасындағы қайғылы оқиғаны болдырмауға болар еді - Қарағанды қаласының тұрғындары

"Тентек" шахтасындағы қайғылы оқиғаны болдырмауға болар еді - Қарағанды қаласының тұрғындары

Қарағанды. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - "Тентек" шахтасындағы қайғылы оқиғаны болдырмауға болар еді. Бұл туралы жұма күні журналистерге арналған баспасөз мәслихатында ғалымдар мен қаза болғандардың туған-туысқандары хабарлады, деп мәлім етті "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 23 Маусым 2008
  • 495
Фото - Caravan.kz

Қарағанды қаласының ғалымдары мен тұрғындары мынаған сенімді: «Арселор Миттал» компаниясына тиесілі шахталардағы барлық ірі апаттар 100% жұмыс берушінің кінәсінен болған. Шахталардағы барлық апаттарды алдын-ала болжап, қорғаныс шараларын жасауға болар еді. Бірақ ақша қуған жұмыс беруші мұндай «ұсақ-түйектерге» бас қатырмауды жөн деп санаған.

Қала тұрғындарының ақпаратына сүйенсек, шахтада соңғы 13 жылда ешқандай ноу-хау, басқаша айтқанда техникалық жаңалық енгізілмеген. Сөйте тұра пайданы 10 есе арттырған. Ғалымдардың айтуынша, бұл үшін компания 2000 жылы кеңестік кезеңнен келе жатқан тау-кен жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін өзгертуге дейін барған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті