Тиімді салықтық режімнің арқасында ресейліктер Қазақстанда бизнестерін ашып жатыр - И. Шувалов - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тиімді салықтық режімнің арқасында ресейліктер Қазақстанда бизнестерін ашып жатыр - И. Шувалов

Тиімді салықтық режімнің арқасында ресейліктер Қазақстанда бизнестерін ашып жатыр - И. Шувалов

ҚР-да салықтық режім тиімді болғандықтан, ресейлік көптеген кәсіпкерлер Қазақстанда бизнестерін ашып жатыр.

  • 29 Мамыр 2014
  • 541
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте РФ Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов мәлім етті.

«Біз Ресей Федерациясында кәсіпкерлердің іс-қимылын байқап отырмыз. Олардың көбі бизнестерін Қазақстан ашуда. Өйткені, Қазақстанда салықтық режім көптеген ұстанымдар бойынша тиімдірек»,-деді И. Шувалов Тәуелсіздік сарайында мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесі отырысынан кейін.

Сонымен қатар ол ЕАЭО аясында Ресей үлкен нарықты ұсынып отырғанын айта келе, «осы орайда біздің нарыққа қолжетімділік Қазақстан мен Беларусь кәсіпкерлеріне пайда жасауға мүмкіндік беріп отыр»,-деді.