Тікелей эфирде онлайн конференция өткізген сарапшылар қауымдастығы жүйелік реформалар бойынша нақты ұсыныстар айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тікелей эфирде онлайн конференция өткізген сарапшылар қауымдастығы жүйелік реформалар бойынша нақты ұсыныстар айтты

Тікелей эфирде онлайн конференция өткізген сарапшылар қауымдастығы жүйелік реформалар бойынша нақты ұсыныстар айтты

Қазақстандық сарапшылар тобы жүйелік реформалар бойынша нақты ұсыныстар жасады.

  • 6 Мамыр 2020
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Қазақстанды дамыту үшін сарапшылар қауымдастығы Facebook және Zoom әлеуметтік желілері арқылы тікелей эфирге шығып, нақты ұсыныстар жасады. Сонымен қатар, сарапшылар тобы арнайы презентация дайындап, оны тікелей эфирде көпшілікке көрсетіп, баяндады.

Тікелей эфирге қосылған сарапшылар тобына Қаныш Төлеушин, Ернар Жаркешов, Данияр Куаншалиев, Досым Қадырбаев, Қайрат Сәдуақасов және көптеген қазақтандық сарапшылар енді.

Болашақтың қалаған бейнесіне қол жеткізу үшін парадигманың ауысуы қажет, деді сарапшылардың бірі. Оның сөзіне сүйенсек, адам ең бастысы қоғамда азаматтылық саясатқа назар аударуы керек, ал экономикада орталықтандырылмаған аймақтық экономикаға көңіл бөлген жөн.

Сонымен қатар, мамандар Қазақстанның кеңістіктік және аймақтық дамуының қысқаша бейнесін тікелей эфирде көпшілікке көрсеткен болатын, оны төмендегі суреттерден көруге болады.

 

Сарапшылардың тағы бірі 2019 жылы орын алған әлемдегі және Қазақстандағы негізгі бағыттар мен қиындықтар туралы айтып өтті.

Айта өтейік, Қазақстандық сарапшылар тобы жүйелік реформалар бойынша нақты ұсыныстарды 8 мамыр күні де тікелей эфирде айтатын болады.

Ал төмендегі сілтемелер арқылы бүгінгі тікелей эфирді тамашалауға болады.

Facebook

Zoom

Соңғы жаңалықтар