Жарияланды: 40

TikTok Наурыз мейрамына орай Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен онлайн-фестиваль өткізеді

TikTok Наурыз мейрамына орай Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен онлайн-фестиваль өткізеді

 

  • Қысқа бейнероликтерді көруге және жасауға арналған TikTok жетекші платформасы Қазақстандағы өз қауымдастығымен бірге көктемнің бастауы Наурыз мейрамын атап өтеді.
  • Tik Tok мерекелік онлайн-фестиваль алаңына айналды: #наурыз2023 арнайы хэштегі бойынша қазақстандықтар мерекені еліміздің түкпір-түкпірінде қалай атап өтетінін көрсете алады, мерекелік тағамдардың мәзірін бөлісе алады немесе қызықты дәстүрлер туралы айта алады.
  • Онлайнда өтетін іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді. Бұл бастаманы TikTok-тағы танымал контент авторлары да қолдайды.

Қазақстанның бай мәдениеті TikTok авторлары үшін нағыз шабыт көзі, олар әртүрлі елден келген платформаның миллиондаған қолданушысымен резонанс тудыратын шынайы және тартымды бейнероликтер жасайды. Мысалы, #историяказахстана хэштегі бойынша бейнероликтер 100 миллионға жуық қаралды, ал #қазақстанмәдениеті тегі бойынша - 75 миллионнан астам қаралды. TikTok ұлттық мәдениетке зор көңіл бөледі және қазақстандықтарға өз елі туралы кең аудиторияға айтуға мүмкіндік береді.

TikTok-та көктем мерекесі Наурыз Қазақстанның түкпір-түкпірінен платформа қауымдастығын біріктіреді және ұлттық дәстүрлердің сұлулығын одан да аша түседі. Онлайн-фестиваль #наурыз2023 арнайы хэштегімен өтеді. TikTok платформа қолданушыларын ұлттық мереке, оның ерекшеліктері мен әдет-ғұрыптары туралы бейнероликтер түсіруге шақырады.

Үздік видеоролик түсірген авторлар "Rocket Go" туристік компаниясынан бағалы сыйлықтар алады. Байқау жеңімпазы және 2-ші және 3-ші жүлделі орындардың иегерлері 5 күн, 3 күн және 1 күн бойы Қазақстанның ең әдемі жерлеріне саяхат жасайды.

Қолданушылар тақырып ретінде төрт бағыттың бірін таңдай алады:

  • Тағам: авторларға мерекелік сүйікті тағамының мәзірін бөлісу ұсынылады.
  • Саяхат: елдің түкпір-түкпірінде Наурыз қалай тойланатынын әңгімелеп беріңіз немесе көрсетіңіз.
  • Мәдениет: мерекенің қызық әдет-ғұрыптарын немесе дәстүрлерін әңгімелеп, көрсетіп беріңіз, Наурызға байланысты мифтер мен аңыздар туралы айтыңыз
  • Ән: өзіңіз орындаған ұлттық биді немесе сүйікті қазақ музыкасын орындауыңызды бөлісіңіз.

Мерекеге танымал TikTok креаторлары қосылды: Белес @dombrart музыканттары мен домбырашылары, Ақылбек @bekarti пен Жақсылық @zhakso_, аспаздар Ромаль @romalfood, Руслан @Russokitchen мен Дания @daniyaarman, саяхатшылар Әйгерім @sayahatshy, Әсия мен Дидар @2travelerslife, Данияр @kangozhayev және Лана @grandefleur, сондай-ақ танымдық контент авторы Митя @mbainazarov.

Наурызға арналған онлайн-фестивальдің қорытындысы, үздік бейнероликтер мен байқау жеңімпаздары 29 наурызда жарияланады.

TikTok туралы

TikTok — қысқа видеолар жасауға арналған жетекші қосымша. Біздің миссия — адамдарды шығармашылыққа шақыру және оларға қуаныш сыйлау.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін