Жан-жары жайлы ашық сұхбат бермейтін әнші бұл жолы бәрін айтты.
— Әйелің Гүлфарида олда өнердің адамы екен, тіпті жоғары білімі бар екен. Сахнаға шығаруға қарсы емессің ба?
— Ол кісі меннен өткен мықты кәсіби музыкант. Өзінің таңдауымен үйде отыр. Менің жүрісім көп, ән сапарлар деген сияқты. Үйде балалардың тәрбиесімен отырған жан. Егер менімен бірге жарысып сыртқа қарай шаба берсе балалардың жайы не болмақ? Бұл біздің келісілген түрдегі ішкі саясатымыз. Балалар Құдай қаласа сәл өскеннен кейін, ол кісінің өз мамандағы бойынша жұмыс жасауына болады. Бір кездері екеуіміз сабақ бергенбіз. Сосын ол сахнада жүруге аса құштар емес. Мен өзім осы әлемде жүрген соң ол түсінді. Себебі бұл әлемде жүру оңай емес.
— Қызғаныш сезімі қалай?
— Әрине мен оны тіл көзден қызғанамын қатты. Ал ол кісінің қызғанышы меніңкінен әлдеқайда ғой.( күліп) Қазір Аллаға шүкір бәріне түсіністікпен қарайды. Менің тыңдармандарым көбіне қыз-келіншектер ғой, солар бетімнен сүйіп, құшақтап суретке түсіп жатса бұрын қызғанатын еді, қазір жақсы қарайды.