"Тіл көзден сақтайды": Супер Мамасита өміріңді жақсы жаққа өзгертетін қызыл жіп сатуда (ВИДЕО)
![]() |
Танымал блогер Супер Мамасита енді кәдімгі қызыл жіптен пайда көруге көшкен. |
Бұл туралы блогердің өзі инстаграм желісіндегі парақшасында хабарлады, - деп жазады Caravan.kz медиа порталы.
Блогер адамдардың қолына қызыл жіпті байлап, үрлеп қалағандары орындалатынын айтады.
"Шындыққа тура қарап, нақты, шынайы тілектер тілеу керек. "Денсаулығымның мықты болғанын қалаймын, қаржы жағынан тәуелсіз болғым келеді, отбасылық бақытымның болғанын қалаймын" деген сияқты тілектер тілеу керек. Бұл қызыл жіп тіл көз тиюден қорғайды және жаман энергетикадан сақтайды", - деді блогер.
Блогердің инстаграмдағы сторисіне қарасақ, оның қызыл жібін алғысы келетін оқырмандар көп секілді.
Видео осы жерде: https://www.instagram.com/p/CckIhCrlBDT/
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін