Тіл саясатына нақты реформа жасау –  ауқымды мәселе - kaz.caravan.kz
  • $ 487.37
  • 532.94
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тіл саясатына нақты реформа жасау –  ауқымды мәселе

Тіл саясатына нақты реформа жасау –  ауқымды мәселе

Тілді жаңғырту кезінде тікелей линг­вистикалық мәселелермен бірге көпте­ген ұйымдастырушылық шаралары да жүзеге асырылмақ. Олардың ішінде тіл үйрету әдістемесінің ортақ жүйесін қалыптастыру. Яғни, еліміз бойынша балабақшадан бастап, мемлекеттік қызметкерге, жалпы, ересек тұрғындарға дейін мемлекеттік тілді игертудің жүйесі жасалмақ. Бұл тіліміздің қолданыс аясын кеңейтуге үлкен серпін бермек.

  • 25 Қыркүйек
  • 47
Фото - Caravan.kz

Еліміздегі тіл саясатының дамуы мен реформалауға қатысты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Назерке Қанатбекова Caravan.kz медиа порталының тілшісіне сұхбат берді.

Қазақстандағы тіл саясатының дамуы туралы сіздің пікіріңіз қандай? Қандай шараларды атап өтер едіңіз және олар қазақ тілінің мәртебесіне қалай әсер етті?

-Жаңа Қазақстан өзін жан-жақты көрсетіп жатқанын біз бірден байқаймыз. Актуалды тақырып, мәселенің бірі — тіл. Қуанышымызға қарай ма әлде талпынып жатқанымыздың дәлелі ма, қазір біршама сапалы жұмыстар мен іс-шаралар атқарылып жатыр. Атап айтсақ, 2023 жылы Президенттің Іс басқармасы жүйесінде кадрлардың әлеуетін көтеру үшін мемлекеттік тілді тереңдетіп оқыту және іскерлік қазақ тілін үйрету курсы ашылған болатын, нәтижесінде қазіргі таңда,  аз уақыт ішінде 700 ден аса қызметкер осы курсқа қатысуға тілек білдірді. Жалпы, Іс басқармасы Тіл саясаты комитетімен ынтымақтастықта жұмыс істеп, мемлекеттік тілдегі құжат айналымына мониторинг жүргізіп отырады. Бұл дегеніміз, қарапайым халықтан бұрын , жоғарыда отырған басшылармыз мейлі орыс, мейлі қазақ бәріне бірдей міндет етілген жұмыстар болып табылады.

Айтар болсам, тілге қатысты өтетін шаралар өте көптеп атқарылуда. Қалалық, аудандық, ауылдық жерлерде түрлі жарыстар, әс-шаралар саны жетерлік. Ақын-жазушалырымыздың өлеңдері, қара сөздер, мәнерлеп оқу сынды сан алуан бағытта шаралар өткізіліп келе жатыр. Осының өзі әр баланың өз ана тіліне деген құрметін арттырары сөзсіз. Айтып өткеніңіздей, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге қосар үлесі өте зор. Тілін жетік меңгерген бала – тілі үшін аянбай еңбек етіп, тіл мәртебесіне өз үлесін қосатынына еш күмәнім жоқ.

Қазақ тілін реформалаудың негізгі мақсаттары қандай және бүгінгі күні олар қаншалықты сәтті жүзеге асуда?

-Шынымен ойланып қарасақ, тілді реформалау деген не өзі? Яғни, жалпақ тілмен айтқанда, өңдеу, тілдің қоғамдағы қызметін реттеу, мемлекеттік тіл ретінде өзін еркін бір кеңістікті ұстап тынысталу үшін жағдай жасау. Тіл саясатына нақты реформа жасау – өте ауқымды мәселе. Тіл саясатының сүйенетін үш негізі бар: құқықтық талаптардың болуы, қоғамға қазақ тілі мемлекеттік тіл дегенді мойындату, насихат; үшінші — мемлекеттік тілге қатысты шараларды қаржылық қолдау. Бізде мұның бәрі бар. Барлық жағдай жасалған және қарастырылған.

Мақсаты – қазақ тілінің ғылымда қолдану аясын кеңейту.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бұл мәселеде асығу бүкіл мәдениет пен тарихи болмысымызға зиян келтіруі мүмкін. Мәселе кириллицадан латынға көшуде емес, қазақ тіліне ауқымды реформаның жүргізіліп жатқанында. Мәселенің қаржылық жағы да ескерілуі керек» деп мәлімдеген еді.

Білім беру жүйесіне тіл реформасын енгізуде қандай қиындықтар мен мәселелер туындауда?

-Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшірілуі осы реформаның негізі дер едім. Жаңа жазудан не күтеміз, оның бізге беретін пайдасы мен зияны қандай, ол тілімізді қалай жаңғыртпақ деген сауалдар көпті мазалайтыны анық. Рухани жаңғырудың өзегі де, арқауы да – тіл. Қандай реформа болсын, оның жүзеге асуы үшін мазмұны да, соған орай түрі де өзгеруі керек. Біз тілдің мазмұнын сөз байлығымен, ал, оның түрін – әліпбимен, емлемен, тілдің грамматикасымен байланыстырамыз. Ғасырлар бойы қалыптасқан тілдің құрылысын өзгерту мүмкін емес.

Ауқымды тіл реформасы дегеніміз не?

-Бұл орыс тіліндегі сөздерді (троллейбус, ванна, коньки, плинтус, куртка, т.б.) қазақша нұсқалармен алмастыру. Кезінде аздаған жаңа сөздер (ұшақ, сыңып, пайыз, әуежай, мұрағат, мұражай, т.б.) еніп, көбісі тіл түсініксіз болып қалды деп ренжіген. Бұл тек бастамасы болғанымен, орыс тілінен алынған сөздер (және шын мәнінде — орыс сөздері) лексикалық, фонетикалық, грамматикалық және т.б.