«Егер 2006 жылы жалпы алғанда тілдерді дамытуға 0,5 млн астам теңге бөлінсе, биыл бұл бап бойынша бюджет шығындары 1 млрд 900 млн теңгеден асты. Біз бұдан былай да осы салаға бөлінетін қаржы көлемін ұлғайта түсеміз», — деп мәлімдеді Н. Назарбаев.
Ол өз тапсырмасымен «»Тілдердің үштұғырлылығы» атта мәдени бағдарламаның жүзеге асырыла бастағанын, оның мақсаты — қазақстандықтардың жаппай үш тілді- қазақ, орыс және ағылшын тілдерін тең меңгеруін қамтамасыз ету» екенін еске сала кетті. «Ассамблея тіл саясатын жүзеге асыруға белсене атсалысуға тиіс», — деді Н. Назарбаев.