Тілсіз туған бала отадан кейін сөйлей бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тілсіз туған бала отадан кейін сөйлей бастады

Тілсіз туған бала отадан кейін сөйлей бастады

Кемерево облысында орналасқан Беляев атындағы аурухананың дәрігерлері Таштаголь ауданында тұрып жатқан бес жасар Антонға ота жасады. Осы отаның арқасында бүлдіршін алғаш тамақтың дәмін сезіп, сөйлеп үйренд

  • 24 Қаңтар 2018
  • 139
Фото - Caravan.kz

Ең бастысы, жуырда бірінші сыныпқа бару үшін дайындалып жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Комсомольская правда» басылымына сілтеме жасап.

Сәбиінің ерекше болып туғанын анасы араға екі сағат салып барып білген. Бұл туралы оған дәрігерлердің өздері келіп айтқан. Осыдан кейін сәби Новокузнецкідегі ауруханада үш апта уақыт жатады. Өз күшімен тыныс ала алмағандықтан, арнайы құралдардың көмегін пайдаланған. Үш жарым айдан кейін Антонға тыныс алуға арналған жаңа түтікше қойылып, үйіне жіберіледі.

Светлана Багрянцева сәбиін туғалы зондтың көмегімен тамақтандырады. Антонның жасы өсе келе мәзіріне ет езбесі қосылды. Бала бір жасқа толғаннан кейін ғана анасы оны қасықпен тамақтандыра бастайды. Бірақ, өкінішке орай, тамақ бүлдіршіннің өкпесіне түсіп, ол жиі ауырады. Мұнымен қатар, ол айналасындағылармен сөйлесе алмай қиналады.


Бастапқыда Израиль мамандары Антонға 6 миллион рубль ақшаға ота жасап беруді ұсынады. Ұсыныс түскен кезде отбасында мұндай қаражат болмай қиналады. Бір күні Светлана мен Антон Новокузнецкке келіп, сол жерден Кемерово дәрігерлерінің тегін көмектесуге дайын екенін естиді.

Дәрігер Вячеслав Вавин италиялық әріптестерімен бірігіп бірнеше ота жасайды. Нәтижесінде Антон өз бетімен тамақ ішіп, сөйлей бастайды.

#отадан кейін
Соңғы жаңалықтар