ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысында бірнеше құжатқа қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысында бірнеше құжатқа қол қойылды

ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысында бірнеше құжатқа қол қойылды

Бүгін Астанада өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер үкімет басшылары кеңесінің отырысында бірнеше құжатқа қол қойылды.

  • 28 Қазан 2022
  • 39
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

Отырыс барысында Қоғамдық денсаулық сақтау саласында санитарлық-эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және ден қою жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Сонымен қатар, ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысын өткізу туралы, ТМД-ға мүше мемлекеттердің ғылыми-техникалық әрі технологиялық ынтымақтастығы тұжырымдамасы және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы, ТМД елдерінің химиялық кешен салаларын цифрлық түрлендіру тұжырымдамасы және оны іске асыру жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспары туралы құжаттар бекітілді.

Бұдан бөлек, 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған ТМД-ға мүше мемлекеттердің инновациялық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық бағдарламасына заңды және жеке тұлғалардың аккредиттеу тәртібі, сондай-ақ гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы 2023-2024 жылдарға арналған басым іс-шаралар жоспары мақұлданды.

Мұнымен қоса, ТМД органдары мен жекелеген іс-шараларды қаржыландыруға қатысты қаржылық-бюджеттік мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.


Бұдан бұрын хабарланғандай, ТМД елдерінің ойындары 2023 жылы Беларусь Республикасында ұйымдастырылмақ.

ТМД Үкімет басшылары кеңесінің келесі отырысы Сочиде өтеді

Соңғы жаңалықтар