«ТМД-ның экономикалық даму стратегиясының жобасын жасау жұмысы аяқталуға жақын «, — деді С. Лебедев.
Оның айтуынша, құжат жобасында ТМД кеңістігінде 2020 жылға дейін бәсекеге қабілетті экономикалардың экономикалық және ғылыми-технологиялық дамуының жетекші орталықтары бола алатын өңірлік экономикалық бірлестік құру қарастырылған.
С. Лебедевтің түсіндіруінше, жобаның негізіне «ТМД елдерінің экономика саласындағы қарым-қатынастарының дамуы әр мемлекеттің базалық мүддесіне сай келеді және үшінші елдермен қарым-қатынасын дамытуына қарама-қайшы келмейді» деген ереже алынбақ.
Стратегияның жобасын осы жылдың аяғында ТМД самитінде бекіту жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті