Жарияланды: 450

Тоғыз айда Қазақстанда жол апатынан 200-ге жуық бала көз жұмды

Қазақстанда балалардың жол үстінде жарақат алу көрсеткіші төмендемей отыр,

деп ІІМ Жол полициясы комитеті төрағасы Берік Бейсенқұлов мәлімдеді. Комитеттің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сүйенсек, биылғы жылдың 9 айында жол апаттарынан кәмелетке толмаған 193 бала көз жұмып, 2185 бала жарақат алған. Талдау нәтижесіне қарағанда, балалар жазатайым болған жол апаттарының 80 пайызы жүргізушілердің кінәсінен орын алыпты. Оның үстіне, жол апатына ұшыраған көліктердің басым бөлігін қаза тапқан балалардың ата-анасы немесе туыстары басқарған. Осындай жол апаттарының алдын-алу мақсатында елімізде қарашаның 5-інен бастап «Демалыс» акциясы басталды. Жүргізушілер арасында алдын-алу жұмыстарын өткізуге бел буған полицейлер оларға арнайы буклеттер мен жаднамалар таратады. Акция қазанның 11-іне дейін жалғасады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін