Тоқаев Несіпбек Айтұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Несіпбек Айтұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Тоқаев Несіпбек Айтұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Айтұлының дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

  • 16 Қазан 2023
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Несіпбек Айтұлы ұлттық өнеріміз бен мәдениетімізді өркендетуге сүбелі үлес қосып, руханият саласының алға басуына күш-қайрат жұмсады. Қазақстан тәуелсіздігінің жыршысына айналған ақынның тартымды туындылары оқырмандар тарапынан жоғары бағасын алды. Өнегелі ғұмыр кешіп, соңына мол әдеби-мәдени мұра қалдырған Несіпбек Айтұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», – деп жазылған жеделхатта.

Бұған дейін ақын,  Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Несіпбек Айтұлы дүниеден өткені туралы

жазған болатынбыз.