Тоқаев ресми сапармен Қытайға барады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+34 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев ресми сапармен Қытайға барады

Тоқаев ресми сапармен Қытайға барады

Мемлекет басшысы алдағы күндері Қытай Халық Республикасына іссапармен барады.

  • 16 Қазан 2023
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«17-18 қазан күндері Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барады Бейжіңде Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөз жүргізеді, сондай-ақ жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» бастамасының III форумына қатысады», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, сапар аясында Қытайдың ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізу жоспарланып отыр.