Жарияланды: 310

Тоқаев ұстаздар жалақысын 2 есе өсіруді тапсырды

Тоқаев ұстаздар жалақысын 2 есе өсіруді тапсырды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Тәуелсіздік сарайында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен білім саласы қызметкерлерінің Тамыз конференциясы өтіп жатыр.

Президент конференцияның пленарлық отырысы кезінде ұстаздардың жалақысын екі есе өсіруді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

«Педагогтар мәртебесін арттыру мақсатында 4 жыл ішінде ұстаздардың жалақысын екі есе арттыруды тапсырамын. Заң мен сәйкес шарттар мұғалімдердің өмірін барынша өзгертеді деген ойдамын. Үкіметтің міндеті – барлық қабылданған нормалардың тәжірибе жүзінде іске асуын қамтамасыз ету», - деді Тоқаев. 

ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырып жатқан шараға елдің түкпір-түкпірінен келген 2 мыңнан астам ұстаз қатысып жатыр. Олардың ішінде мектеп, колледж мұғалімдері мен ата-аналар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері бар. 

Жиын барысында білім және ғылым саласындағы өзгерістерді басқару мәселелері талқыға салынып, инновациялық идеялар мен бастамалар ұсынылды. Сондай-ақ, мемлекет басшысы үздік ұстаздарды марапаттады. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін