Тоқтар Төлешов 2 айға тұтқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқтар Төлешов 2 айға тұтқындалды

Тоқтар Төлешов 2 айға тұтқындалды

«Террорлық қауіп-қатерді талдау орталығы» өкілдігінің басшысы Тоқтар Төлешов 2 айға тұтқындалды, деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметінен.

  • 3 Ақпан 2016
  • 403
Фото - Caravan.kz


«2016 жылғы 1 ақпанда Астана қаласы Алматы ауданы №2 аудандық соты ҚР ҚК 297-бабы 3-тармағы 3-бөлігі, 266-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Т.Д.Төлешовке қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялау туралы қолдаухат қарады. Сот талқылауында ол аса ауыр және ауыр қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғаны анықталды», — делінген хабарламада.
Іс материалдарын зерделеген сот қамау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы қолдаухатты қанағаттандыруды жөн санады.