Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Меніңше, соғыс аралық сайлаудан кейін бірден тоқтайды», – деді Трамп.
Оның айтуынша, Тегеран сайлауда республикашыларды жеңу үшін «жағымды, бірақ әлсіз адамдар тобына» көмектесу мақсатында АҚШ-тың шабуылдарына қатысты жағдайды пайдаланып отыр. Алайда дауыс беруден кейін Иранның жағдайды тежеп тұруға мүмкіндігі қалмайды.
Трамп Иранның күйреу алдында тұрғанына және «сайлаудан кейін бірден» қақтығысты тоқтатуға тырысатынына сенімді, бұл өз кезегінде мұнай бағасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі.
«Сайлаудан кейін мұнай бағасы түседі. Олар төмендейді, біз оларды түсіреміз. Бензин құнын галлонына екі доллардан төмен түсіруге болады деп ойлаймын», – деді Трамп.
Оның пікірінше, АҚШ 99,9 пайыз ықтималдықпен Иранмен ядролық бағдарлама бойынша келісімге келеді, сондай-ақ бұл мәміле басқа да салаларды қамтитын болады.
«Мен ядролық келісімнен де үлкен іс атқарып жатырмын. Одан әлдеқайда ауқымды. Бізде ядролық келісім болады. Бұл 99,9 пайыз, бірақ күн тәртібінде басқа да көптеген мәселе бар», – деді Трамп.
Америка президенті АҚШ әскерилері ирандық тоғыз кемені жойғанын мәлімдеп, соққы беруді жалғастыратынын ескертті.
«Біз олардың тоғыз кемесінің тас-талқанын шығардық. Бұл шабуылдардың артында біз тұрмыз деп айта алам. Алда бұдан да көп дүниені көресіздер», – деді Трамп.
АҚШ Конгресіне сайлау 3 қарашада өтеді.