Жарияланды: 430

Троллейбус пен КАМАЗ автокөлігінің соқтығысуы салдарынан Алматыда 9 адам зардап шекті

Троллейбус пен КАМАЗ автокөлігінің соқтығысуы салдарынан Алматыда 9 адам, соның ішінде 2 бала зардап шекті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан бүгін, 13-тамызда хабарлады.

Басқарма ақпаратына сәйкес, жол-көлік оқиғасы бүгін, 13-тамызда жергілікті уақытпен 12 сағатттан 30 минут кеткенде болған. Куәгерлердің айтуынша, Брусиловский көшесінен Абай даңғылына айнала берген КАМАЗ автокөлігі даңғыл бойымен келе жатқан троллейбусты соққан. Апат салдарынан екі жүргізуші мен троллейбустың 7 жолаушысы жарақаттанды. Алдын-ала мәлімет бойынша, жолаушылардың басым көпшілігі басынан жарақаттанып, терезе әйнегіне тілгізіп алған. Оқиға орнына келген төтенше жағдайлар басқармасы жедел қызмет бөлімінің жұмысына КАМАЗ-дың жанармай құятын қорабынан төгілген дизельдік отынның тұтанып жарылыс түзу қаупі біршама қолбайлау жасады. Қазіргі жағдаймен жол апатынан зардап шеккендер қаладағы бірнеше ауруханаға таратылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть