Тунисте лаңкестер Парламент ғимаратына басып кірді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тунисте лаңкестер Парламент ғимаратына басып кірді

Тунисте лаңкестер Парламент ғимаратына басып кірді

Тунис астанасында лаңкестік шабуыл! Содырлар Парламент ғимараты мен «Барно» мұражайына басып кіріп, 20 шақты адам оққа ұшқан. Олардың басым бөлігі шетелдік туристер. Тағы 30-дан аса адам түрлі жарақат алды. Шабуыл жасағандардың екеуі сол өлтірілген.

  • 20 Наурыз 2015
  • 192
Фото - Caravan.kz

Бетін тұмшалап алған бір топ адам Тунис парламенті мен Ұлттық мұражай орналасқан кешен аумағына баса көктеп кіріп, бей-берекет оқ жаудырған. Олар артынан келіп жеткен арнайы жасаққа қарулы топ біразға дейін беріспей, тегеурінді қарсылық көрсетті. Атыс кезінде 22 адам оққа ұшқан. Оның екеуі лаңкес. Қалған қаскөйлер күш құрылымдарының қолына тірідей түсті. Қазір қаладағы полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшіріліп, көліктердің барлығы жіті тексерілуде. Тунистегі қауіпсіздік жағдайы Ливиядағы азамат соғысы салдарынан нашарлап кеткен. Себебі, ол жақтан қару-жарақ пен жауынгерлер көптеп келіп жатыр.