Тұрғын үй құрылысына бөлiнетiн қаражат қысқартылады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұрғын үй құрылысына бөлiнетiн қаражат қысқартылады

Тұрғын үй құрылысына бөлiнетiн қаражат қысқартылады

Бюджеттiк бағдарламаларды оңтайландыру барысында тұрғын үй құрылысына бөлiнетiн қаражат 5-10 млрд теңгеге дейiн қысқартылуы ықтимал. Бұл туралы бүгiн ҚР Парламентi Сенатының депутаты Ахан Бижанов мәлiм еттi. 

  • 12 Наурыз 2015
  • 681
Фото - Caravan.kz

"Тұрғын үй мәселесi жөнiнде бiзде бюджетте өзгертулер болады. Оны ашық айту керек. Бiз бұның алдындағы бюджетте жоспарлаған 30 млрд теңгенi 20-25 млрд теңгеге дейiн қысқартамыз ба деген ойымыз бар. Бұл әлi қаралады", — дедi сенатор. 

Оның сөзiне қарағанда, мемлекеттiк тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қаражат аз бөлiнгенiмен, жалпы құрылыс саласында өсiм болады деп жоспарланған. 

"Жалпы құрылыс саласында бiз жылда 6 млн шаршы метр үй салатынбыз. Бюджеттен қаралатын қаражатты халықаралық дағдарысқа байланысты бiз азайтамыз. Ал жалпы қарағанда, республика бойынша құрылыс саласында 2-3 пайыз өсiм болады деп жоспарлануда", — деп атап өттi Ахан Бижанов.