Жарияланды: 290

Тұрғын үйде болған өрт үш адамның өмірін қиып кетті

Сәрсенбі күні кешке Көкшетау қаласында тұрғын үйде өрт болды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ. 50 шаршы метр аумақты шарпыған жалын 2,2 сағаттан кейін ауыздықталды. Онымен күреске ҚР ТЖМ Ақмола облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметіндегі 30 адам мен 5 техника бірлігі жұмылдырылды. Өртті сөндіру барысында 61 жастағы ер адам, әйел және 4 жасар баланың мүрделері табылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін