Жарияланды: 970

Түркі академиясы «Ортақ түркі тарихы» оқулығын әзірледі (ФОТО)

Түркі академиясы «Ортақ түркі тарихы» оқулығын әзірледі (ФОТО)

Халықаралық Түркі академиясы «Ортақ түркі тарихы» оқулығын әзірледі. Бұл туралы бүгін Түркі кеңесі Білім министрлерінің 4-ші отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.

«Академия орта жалпы білім беретін мектептердің 8-ші сынып оқушыларына арналған ортақ түркі тарихы бойынша бағдарлама әзірледі. Біздерге ортақ оқулықтың одан әрі жетілдіре түсу қажет. оқулық ежелгі дәуірден 15-ші ғасырға дейінгі кезеңді қамтиды», - деді ол.

Министрдің атап өтуінше, осыған байланысты жоғары оқу орындарының студенттерін алмастыру бағдарламасы бойынша ынтымақтастық мәселерін тыңғылықты зерделеу қажет. «Бұл шаралар алдыңғы қатарлы тәжірибелерді, білімді қабылдап, ғылыми әлеуеттің даму игілігі үшін идеяларды бөлісуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол біздің елдеріміздің білім саласындағы өзара іс-қимылын біршама арттыра түсетін болады», - деді А.Сәрінжіпов.

Айта кетейік, кеше елордада Түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесінің Білім министрліктері Аға лауазымды тұлғаларының 5-ші кездесуі өткен болатын. Оған Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркияның білім беру саласының 26 басшысы және Түркі кеңесі мен халықаралық Түркі академиясының өкілдері қатысты. 

null
 
null
 
null
 
null
 
null
 
null
 
null
 
null
 
null

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін