Түркістан облысында ер адам әйелін балталап тастады (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан облысында ер адам әйелін балталап тастады (ВИДЕО)

Түркістан облысында ер адам әйелін балталап тастады (ВИДЕО)

Түркістан облысында ер адам әйелін балтамен ұрып-соққан

  • 5 Мамыр 2020
  • 57
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаның 27 сәуірде болғанын айтты.

"Келес ауданының кезекші бөліміне учаскелік инспектордан көшелердің бірінде дене жарақаттарын алған әйелдің табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Жедел тергеу тобы оқиға орнына барған. Шамамен сағат 9.40-та орталық көшелердің бірінде 50 жастағы ер адамның әйелін балтамен ұрып-соғып, артынша оқиға орнынан қашып кеткені анықталған", — делінген полицейлердің хабарламасында.

Бірақ кейіннен ер адамның ұсталғаны белгілі болды.


Полицейлердің мәліметінше, ер адам 2-3 сағаттан соң ұсталды. Қажетті сараптамалар тағайындалған. Ал зардап шеккен әйел адамның орталық аудандық ауруханада жатқаны айтылады.

 

Соңғы жаңалықтар