Жарияланды: 9300

Түркістанда 524 миллиард долларға Қазақстан-Қытай паркі салынады

Түркістанда 524 миллиард долларға Қазақстан-Қытай паркі салынады

Түркістан облысында Қазақстан-Қытай индустриялық паркі салынады. Жоба құны 524 миллиард долларды құрап отыр.

Түркістан облысында Қазақстан-Қытай индустриялық паркі құрылады. Бұл туралы премьер-министр Асқар Маминнің Түркістан қаласына сапары барысында белгілі болды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, облыстық әкімдік, Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және қытайлық KAZAKHSTAN CHN-KZ ELECTRIC INDUSTRIAL PARK компаниясы 524 миллиард доллар сомасына өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған.

Қазақстан-Қытай индустриялық паркінің сызбасы

Қазақстан-Қытай индустриялық паркінің сызбасы 

Фото - © FOTO : ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Келісім негізінде "Түркістан" индустриялық аймағында Қазақстан-Қытай индустриялық паркі салынады. Онда энергетикалық жабдық пен бұйымдар шығарылады деп жоспарлануда.

Айта кетсек, 18 мамырда үкімет басшысы Асқар Мамин жұмыс сапарымен Түркістанға барды. Сапар аясында премьер қаланың құрылыс жұмыстарын уақытылы іске асыру және өңірдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету барысын тексерді.

Сондай-ақ, ол "TurkistanInternationalAirport" халықаралық әуежайы құрылысының орнына капсула салу рәсіміне қатысты. Осыдан кейін саябақ пен "Нұр-Сұлтан" алаңының, Неке сарайының, "Rixos Turkestan" қонақүйінің құрылысы басталған алаңдарды барып көрді.

Жаңадан салынып жатқан ғимараттарды электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қаласында "Яссы" шағын станциясы салынатын болды. Қазір станцияның іргетасын қалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Маминнің Түркістан облысына жұмыс сапары аясында жалпы сомасы 750,2 миллиард долларды құрайтын бес құжатқа қол қойылды.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін