Caravan.kz медиа порталы ол туралы тың деректерді назарға ұсынады.
Әлем тарихындағы ең жойқын терракт
2001 жылғы 11 қыркүйекте АҚШ тарихындағы ең ірі террористік шабуылдардың бірі болды. «Әл-Каида» ұйымымен байланысты 19 террорист төрт жолаушылар ұшағын басып алып, олардың үшеуін Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының қос мұнарасы мен Вашингтон маңындағы Пентагон ғимаратына бағыттады. Төртінші ұшақ Пенсильвания штатындағы алаңға құлады.
Шабуыл салдарынан 2 977 адам қаза тапты. Олардың 2 753-і Нью-Йоркте, 184-і Пентагонда, тағы 40 адам Пенсильванияда қаза болған.
Алғашқы ұшақ Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының солтүстік мұнарасына жергілікті уақыт бойынша сағат 8:46-да соғылды. 9:03-те екінші ұшақ оңтүстік мұнараны соқты. Кейін екі ғимарат та құлады.
25 жылдан кейін 11 қыркүйек оқиғасы АҚШ тарихындағы ең қайғылы күндердің бірі ретінде еске алынып келеді. Биыл Ұлттық 11 қыркүйек мемориалы мен музейі шабуыл құрбандарын еске алуға арналған 25 жылдық іс-шаралар өткізіп жатыр.
Жойқын террактіде қаза болған қазақстандық қыз кім?
Көпшілік аталған жойқын террактіде қазақстандық азаматшаның да қаза болғанын біле бермейді. Ол — Жаннетта Цой. Ол күйеуі Вячаслав Лигай және қызы Александрамен бірге АҚШ-қа көшіп барған. Жаннетта грин карта ұтып алып, жұмыс бабымен АҚШ-қа ауысқан.
«Ол сол күні қатты асықты, негізі жұмысқа 17-сі күні шығу керек болған. Алайда басшылық шақырған соң, ол жаңа жұмыс орнына ертерек шықты», — деп сол күнді еске алады жұбайы.
Алғашқы күндері оның отбасы Жаннетаның мәйітін таппаған. Олар соңына дейін оның аман қалғанына үмітті болғандарын жеткізді. Марқұмның мәйіті тек жеті айдан соң, атылған бизнес орталықтардың қалдықтарының астынан табылған. Зерттеу нәтижелері мәйіт қалдықтары Жаннетта Цойға тиесілі екенін көрсеткен.