Түркістандық әскери еріктілердің ерлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістандық әскери еріктілердің ерлігі

Түркістандық әскери еріктілердің ерлігі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ефрейтор Шахрух Журабеков, қатардағы жауынгер Мақсат Жұм

  • 24 Сәуiр 2020
  • 31
Фото - Caravan.kz

Ефрейтор Шахрух Журабеков, қатардағы жауынгер Мақсат Жұманазаров, қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметкері, учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Әділбек Мархабай "Отырар" ықшамауданындағы үйден шыққан өрттен үш азаматты құтқарып қалған.

Көпқабатты тұрғын үй ауласын тексеріп жүрген патруль қызметкерлері өрт шыққан үйден екі қария мен қыз баланы құтқарған. Жедел жәрдем шақырып, зардап шеккендерге медициналық қызмет көрсетуге атсалысқан. Абырой болғанда, үй иелеріне зақым келмеген.

Белгілі болғандай, өрт газдағы қатты қызған майдан шыққан.


Аталған азаматтар небәрі екі күн бұрын ғана облыста жасақталған аумақтық әскер қатарында қызмет етуге кіріскен. Олар төтенше жағдайға байланысты әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру жөніндегі мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес халықтың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғауды өз міндеттері санайды.