Жарияланды: 360

Түркия билігі: Анкарадағы лаңкестік құрбандарының саны 95 адамға жетті

Түркия билігі: Анкарадағы лаңкестік құрбандарының саны 95 адамға жетті

Анкарада орын алған екі қуатты жарылыс салдарынан көз жұмғандар саны 95 адамға жетті, деп жазады ТАСС.

Бұл туралы Түркия премьер-министрі әкімшілігінің үйлестіру орталығынан хабарлаған. 

«Шабуылдан зардап шеккен 246 адам ауруханаларда емделіп жатыр, олардың 48-інің халі ауыр. 95 ел азаматы көз жұмды», - делінген мәлімдемеде.

Ел билігі бес медициналық тікұшақ пен бір арнайы ұшақты әзірлікте ұстап отыр. 

Түркиядағы террористік топтардың ешқайсысы әзірге бұл лаңкестікті өз мойнына алмай отыр.

Еске сала кетейік, сенбі күні Анкарада «Еңбек. Бейбітшілік. Демократия» бейбіт наразылық шеруі кезінде 2 жарылыс орын алған болатын. Шеруге қатысушылар түрік билігі мен күрдтер арасындағы әскери қақтығыстарды тоқтатуды сұраған еді. 

Анкарадағы терактіден соң елде үш күндік қаралы күн жарияланды.

ҚР СІМ ресми өкілі Алтай Абибуллаевтың хабарлауынша, Анкарадағы теракт салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін