Түркия премьерінің Кәрімовтің қазасына көңіл айтып үлгергені рас па - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркия премьерінің Кәрімовтің қазасына көңіл айтып үлгергені рас па

Түркия премьерінің Кәрімовтің қазасына көңіл айтып үлгергені рас па

Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым жұма күні Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің қазасына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайд

  • 2 Қыркүйек 2016
  • 515
Фото - Caravan.kz

Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым жұма күні Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің қазасына байланысты көңіл айтты, — деп хабарлайды РИА Новости. Алайда премьер бұл мәліметті қайдан алғанын жария етпеді.

"Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов қайтыс болды. Алла оның жанын тыныштандырсын. Түрік Республикасының атынан Өзбекстан халқына көңіл айтамын", — деп мәлімдеді Йылдырым түрік үкіметінің Анкарадағы отырысында. Бұл отырыс тікелей эфирде таратылып жатыр.

Еске салайық, 2 қыркүйекте Өзбекстан үкіметі ел президенті Ислам Кәрімовтің ауыр жағдайда жатқанын мәлімдеген болатын.


Ал өзбек БАҚ-тары Өзбекстан басшысын жерлеу рәсімі Самарқанда өтетінін хабарлап үлгерді. Ал кейінірек Ақорда Назарбаев Өзбекстанға барады деген мәліметке қатысты пікір білдірген болатын.
 

Соңғы жаңалықтар