Түркия үкіметі Семей орманшыларының қазасына көңіл айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 469.52
  • 553.75
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркия үкіметі Семей орманшыларының қазасына көңіл айтты

Түркия үкіметі Семей орманшыларының қазасына көңіл айтты

Түркия Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Абай облысындағы өртте адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты.

  • 12 Маусым 2023
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Абай облысында 14 орманшының қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадық. Қазақстанның дос әрі бауырлас халқына және үкіметіне көңіл айтамыз», — делінген ведомствоның Twitter-аккаунтында.

Еске салайық, «Семей» орманы резерватында өрт 8 маусым күні шыққан болатын.


Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың айтуынша, өрт 2 рет түскен найзағайдан тұтанған.