Түркия жағалауында мигранттармен екі кеме суға батып кетті
![]() |
Түріктің Бодрум қаласы жағындағы Эгей теңізінде екі кеме апаты салдарынан Сириядан қашқан 12 мигрант қаза тапты. |
Босқындар грекиялық Кос аралына заңсыз жетпекші болған. 12 мигранттың мүрдесі (оның ішінде бес бала мен бір әйел бар) сәрсенбіде түріктің жағалау күзетінен табылды. 15 адам құтқарылды.
Жыл сайын Грекияға Таяу Шығыс пен Африка елдерінен екі мыңға жуық заңсыз мигрант келеді. Олардың ішінде көбіне лаңкестер ЕО-ның күллі аумағы бойынша саяхаттауға мүмкіндік беретін тең ресми босқын куәлігін алып, ЕО аумағына өтіп кетуге тырысады.
Көші-қон дағдарысының ушығуына байланысты Еуроодаққа төрағалық етуші Люксембург 14 қыркүйекте Еуроодақ елдері ішкі істер және әділет министрлерінің кезектен тыс отырысын шақыртатынын жариялады.
Еске салсақ, ЕО-да Екінші дүнежүзілік соғыс уақытынан да ірі көші-қон дағдарысы орын алуда. Осы жылғы сегіз айда ЕО мемлекетіне Жерорта теңізі арқылы заңсыз 400-ге жуық адам өтіп кетуге тырысқан, олардың 2,5 мыңнан астамы қаза тапты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін