Жарияланды: 400

Түркияда Дүниежүзілік экономикалық форумның Стамбул сессиясы өтеді - ҚР СІМ

Астана. 28 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Түркияда Дүниежүзілік экономикалық форумның "Еуропа және Орталық Азия" атты Стамбул сессиясы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Е.Ашықбаевтың айтуынша, сессияға ҚР премьер-министрінің орынбасары Ербол Орынбаев бастаған Қазақстан өкілдері қатысады. Сессия 30-қазан мен 1 -қараша аралығында өтеді. ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың айтуынша, ресми тұлғалармен қатар форум жұмысына іскер топтардың өкілдері, мәдениет және дін қайраткерлері, Бұқаралық ақпарат құралдары қатысатын болады. Форумда Еуропа, Орталық Азия және Таяу Шығыс елдері тап болып отырған ортақ қауіп-қатерлерге бірлесіп қарсы тұру мәселелері талқыланады. "Форум аясында қазақстандық делегацияның жетекшісі Дүниежүзілік экономикалық форумның басшылығымен бірқатар кездесулер өткізеді. Онда өзара пайдалы ынтымақтастық, соның ішінде Дүниежүзілік экономикалық форумның сессияларының бірін 2009-ыншы жылы Қазақстанда өткізу мәселелері талқыланатын болады", деді ресми өкіл. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін