Түркиядағы зілзаладан соң алматылықтар жаппай қаладағы үйлерін сатып жатқаны рас па? - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркиядағы зілзаладан соң алматылықтар жаппай қаладағы үйлерін сатып жатқаны рас па?

Түркиядағы зілзаладан соң алматылықтар жаппай қаладағы үйлерін сатып жатқаны рас па?

Өткен айда Түркияда болған жойқын жер сілкінісінен кейін, еліміздің оңтүстік өңірлерінде магнитудасы 3 балл шамасындағы, бірнеше жерасты дүмпулері болды. Осы орайда, оңтүстік астана тұрғындары қаладағы үйлерін жаппай сатып, Астанаға көшуде.

  • 15 Наурыз 2023
  • 11
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz тілшісі мәселенің мән-жайын білу үшін, мүлік агенттігі өкілдігін тілге тартып көрді.

Қаладағы мүлік агенттіктерінің белді қызметкері Анар Шайхислямованың айтуынша, жазға таман осы оқиғаға қатысты дүрбелең әбден басталуы мүмкін.

«Түркиядағы жер сілкінісі әрине Алматы тұрғындарына әсер етеді. Қазірдің өзінде адамдар көп қабатты үйлерді тастап, жер үйге көшуге әрекет жасап жатқан көрінеді. Ал жазға таман бұл дүрбелең тіптен күшеюі мүмкін. Яғни алматылықтар қаладағы үйлерін сатып, Астана және басқа да қалалардағы үйлерге көшуді жоспарлап отыр. Бүгіннің өзінде Алматыда үй сату қиынға соғуда. Неге? Себебі жұрт зілзаланың салдарын көріп, қаладан үй алуға қорқып жатыр. Бұл да өз кезегінде Астанадағы үйлердің бағасының қымбаттауына әкеп соқтыруы мүмкін. Себебі алматылықтар Алматыдан кейін әрине Астанадан пәтер алуды жоспарлайды», — дейді ол.

Еске сала кетейік, өткен айда Түркияда жер сілкінісі болып, салдарынан 45 мыңнан астам қаза болған еді. Жойқын зілзаладан кейін, іле-шала Орталық Азия және Таяу Шығыс елдерінің бірқатарында жерасты дүмпулері орын алған.


Соңғы жаңалықтар