Түркияның оңтүстік-шығысында тікұшақ құлады, 17 әскери қызметкер қаза болды
Түрік билігі елдің оңтүстік-шығысында тікұшақтың құлауы салдарынан 17 әскери қызметкер мерт болғандығын мәлімдеді, деп хабарлады Би-Би-Си. |
Сиирт провинциясы губернаторының сөзіне қарағанда, апат ауа райының қолайсыздығынан болды.
Губернатор Ахмет Айдын сондай-ақ, қаза тапқандардың барлығы арнайы мақсаттағы бөлімшенің әскери қызметкерлері болғандығын хабарлады.
Түркияның оңтүстік-шығыс аудандары күрд содырларына қарсы жүргізілетін түрік армиясының операциялар аймағы болып табылады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін